Елімізде мектеп оқушыларының профилактикалық тексерулері цифрлық форматқа көшірілуде

Елімізде мектеп оқушыларының профилактикалық тексерулері цифрлық форматқа көшірілуде
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасын цифрландыруды күшейтуде. 2026 жылы балаларды профилактикалық тексеруді ұйымдастыру және өткізу тәртібі қайта қаралып, ауруларды ерте анықтауға басымдық берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Алғаш рет барлық балаларды тексеру барысында ЭКГ аппараттары, фонендоскоптар, пульсоксиметрлер, отоскоптар, ауыз қуысыішілік камералар және жасанды интеллект технологияларын қолданатын басқа да цифрлық диагностикалық құрылғыларды кеңінен пайдалану жоспарлануда.

2025 жылы құрылған Балалардың цифрлық тіркелімі 54 көрсеткіш бойынша мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Олардың қатарында профилактикалық тексеру, қауіп факторларын анықтау, медициналық маршрутты қалыптастыру, бейінді маманға жолдау және динамикалық бақылау бар.

Сондай-ақ денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерін Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграциялау аяқталды. Бұл оқушылардың оқу орны мен тіркелген жері, профилактикалық тексерулер, вакцинациялау және денсаулық топтары туралы өзекті ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңа оқу жылының басталуына дайындық барысы қаралды, деп хабарлайды ...