«Даму» қоры өңірлердегі кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдаушараларының қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыстыжалғастыруда. Шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында Қор мамандары аудан орталықтары менауылдық елді мекендерге барып, кәсіпкерлерге бизнесті жүргізу орныбойынша тікелей консультация береді.
2026 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша мобильді фронт-офистер2 657 консультация өткізіп, 2 439 бірегей кәсіпкерлік субъектісінекеңес берді. Көшпелі топтар Астана, Алматы және Шымкентқалаларын қоспағанда, Қазақстанның барлық 17 өңірінде жұмысістейді және бүгінде шамамен 80 аудан орталығына барды.
Кәсіпкерлердің ең жоғары белсенділігі Түркістан облысындабайқалды — мұнда 252 консультация өткізілді. Ақтөбе облысында — 222, Солтүстік Қазақстан облысында — 220, Павлодар облысында — 217, Атырау облысында — 215 консультация жүргізілді. Қалған 12 өңірде мамандар тағы 1 531 консультация өткізді.
Кәсіпкерлерді ең көп қызықтырған мәселелердің қатарында«Бәйтерек» холдингінің Бірыңғай фронт-офисінің бағдарламаларымен өнімдері бар — олар бойынша 721 өтініш түсті. Сонымен қатаркәсіпкерлер «Іскер Аймақ» субсидиялау бағдарламасына — 593, Кепілдік қоры 1 аясындағы кепілдендіру құралдарына — 480, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген кредиттеуге — 329 және ішкі сауданы қолдау шараларына — 177 өтініш білдірді.
Мобильді фронт-офис жұмысына «Даму» қорының, әкімдіктердің, банктердің, «Атамекен» ҰКП-ның, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның және консалтингтіккомпаниялардың өкілдері қатысады. Бұл кәсіпкерлерге «Бәйтерек» холдингінің мемлекеттік қолдаудың түрлі құралдары бойынша қажеттіақпаратты бір жерден алуға мүмкіндік береді.
Мобильді фронт-офистердің жұмысы біртіндеп жай ғана консультацияберуден кәсіпкерлік жобаларды толық сүйемелдеуге көшуде. Мамандар қаржыландырудың қолайлы құралын таңдауға көмектеседі, бағдарламаларға қойылатын талаптарды түсіндіреді және жобанышешім қабылданғанға дейін сүйемелдейді. Бүгінде қаржыландыруға4 өтінім қабылданды.
Мобильді фронт-офистерді дамыту — кәсіпкерлердің орналасқанжеріне қарамастан мемлекеттік қолдау шараларына теңқолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған «Даму» қорыныңжүйелі жұмысының бір бөлігі.
Алдағы уақытта Бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтарын(БҚСО) іске қосу жоспарлануда. Пилоттық жоба аясында мұндайорталықтар Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, СолтүстікҚазақстан және Ақтөбе облыстарында жұмыс істейтін болады. Аталған екі облыста кәсіпкерлер БҚСО қызметтерін мобильді фронт-офистердің көшпелі жұмыстары барысында да ала алады.
Мобильді фронт-офистердің сапар кестесі «Даму» қорының ресмисайтындағы «Мобильді фронт-офис» бөлімінде жарияланған. Егерқажетті аудан немесе елді мекен қолданыстағы кестеде көрсетілмесе, кәсіпкерлер Online Damu порталы арқылы көшпелі сапарұйымдастыруға өтінім қалдыра алады.
Қосымша ақпаратты «Даму» қорының Бірыңғай байланысорталығының 1408 нөмірі арқылы алуға болады.


