«Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді

Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Отырар аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің ұжымы 2026 жылғы 15 тамыз күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында «Оқсыз» спорт кешенінің аумағы мен айналасы, сондай-ақ О. Бәмішов көшесі, №4 мекенжайында орналасқан күрес залының айналасы абаттандырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, аумақтағы қоқыстар жиналып, шөптер шабылды, ағаштар мен нысандардың айналасы ретке келтіріліп, қажетті жерлерге сырлау және әктеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар спорт нысандарының аумағын көркейту және санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
«Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекендерді абаттандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Спорт мектебінің ұжымы алдағы уақытта да тазалық пен тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстарға белсенді түрде атсалыса бермек.
#Таза_Қазақстан

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Арнайы мониторинг топтары еліміздің барлық өңірлеріндегі сайлау учаскелерін аралап, олардың мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімділігін тексерді. Топтар Құрылтай...

Конкурс пройдет по 10 номинациям: «Литература», «Наука», «Дизайн и изобразительное искусство», «Журналистика», «Классическая музыка», «Общественная...

Фонд «Даму» продолжает работу по повышению доступности государственных мер поддержки для предпринимателей в регионах. В рамках Единой программы...