Көкшетауда қоғамдық келісімді нығайтудағы жастардың рөлі талқыланды

Көкшетауда қоғамдық келісімді нығайтудағы жастардың рөлі талқыланды

Көкшетауда қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Жиынға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, сарапшылар, журналистер, жастар мен қоғам белсенділері қатысты.

Кездесу барысында қоғамдық келісімді нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығын сақтау, дәстүрді дәріптеу және аға буынның тәжірибесін жастарға жеткізудің маңызы сөз болды.

Дөңгелек үстелде жастардың бастамалары, Аналар кеңесінің жұмысы, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті насихаттаудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қарастырылды.

Кездесу қорытындысында қатысушылар қоғамдық келісімді нығайтуда мемлекет пен қоғам институттарының бірлескен жұмысы маңызды екенін атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін аша түсу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы экологиялық мәдениетті дамыту, абаттандыру, қалдықтарды қайта өңдеу,...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет ауылдағы жұмыспен қамту мен...