Алматыда 670 сайлау учаскесі дауыс беруге дайын

Алматыда 670 сайлау учаскесі дауыс беруге дайын

Бүгін Алматыда Құрылтай сайлауында дауыс беруге арналған 670 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Мұнда қала тұрғындары дауыс беріп, ел болашағын айқындауға үлес қоса алады. Оның 597-сі азаматтардың тіркелген жері бойынша, тағы 73-і уақытша болатын орындарда құрылған.

Қалада барлығы тоғыз аумақтық сайлау комиссиясы жұмыс істейді: бір қалалық және сегіз аудандық. Дауыс беруді ұйымдастыруға учаскелік сайлау комиссияларының 4 658 мүшесі және аумақтық сайлау комиссияларының 63 мүшесі жұмылдырылған. Жалпы сайлау үдерісін 4 721 сайлау комиссиясының мүшесі қамтамасыз етеді.

Сайлауаралық кезеңде Алматыда жаңадан 17 сайлау учаскесі құрылды. Түгендеу қорытындысы бойынша 670 учаскенің барлығы белгіленген талаптарға сай және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар қаладағы 179 сайлау учаскесінде «электрондық үкімет» порталы арқылы азаматтардың тіркелген жері туралы мәліметтерді онлайн тексеру қызметі қолжетімді. Сайлаушылар тізімінен өзін таба алмаған азаматтар осы учаскелерге жүгіне алады. Мұндай жағдайда сайлаушы мекенжай анықтамасын алып, соның негізінде тиісті учаскедегі сайлаушылар тізіміне енгізіледі.

Бұдан бөлек, Алматыдағы 41 сайлау учаскесінде учаске орналасқан мекенжай бойынша тек дауыс беру күніне жарамды уақытша тіркеу рәсімдеуге болады. Ол үшін жеке куәлікті немесе цифрлық құжатты көрсету қажет. Келесі күні уақытша тіркеу автоматты түрде жойылады.

Алматының сайлаушылар тізіміне 1 329 251 адам енгізілген.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін аша түсу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы экологиялық мәдениетті дамыту, абаттандыру, қалдықтарды қайта өңдеу,...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет ауылдағы жұмыспен қамту мен...