«Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің жетекшісі Бағдат Тілегенов дауыс берді

«Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің жетекшісі Бағдат Тілегенов дауыс берді

Құрылтай сайлауы - ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардың бірі. Осындай жауапты сәтте «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің жетекшісі, музыкант, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Бағдат Беспайұлы Алматыдағы №79 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

Ұлттық өнерді насихаттап, қазақтың дәстүрлі музыкасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп жүрген өнер майталманы үшін елдің болашағы, ең алдымен, халықтың бірлігі мен рухани тұтастығына байланысты.

«Бүгінгі таңдаудың мәні терең. Өйткені елдің болашағы бір күнмен немесе бір ғана шешіммен өлшенбейді. Ол әр азаматтың күнделікті еңбегінен, елге деген жанашырлығынан, туған жеріне деген құрметінен басталады. Сайлауға келіп, дауыс беру - әр азаматтың мемлекет өміріне деген көзқарасын білдіруінің бір жолы. Сондықтан әр адам таңдауына жауапкершілікпен қарап, ел ертеңін ойлағаны жөн. Қазақтың өнері төрден түспей, жас ұрпақтың жүрегінен орын алса екен деймін. Елімізде береке мен бірлік болсын. Әр шаңырақта қуаныш, әр отбасында амандық болсын», – деді өнер иесі.

Елдің ертеңі - әрқайсымыздың бүгінгі ісімізден басталады. Ал азаматтық таңдау - сол жауапкершіліктің бір көрінісі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ