ШЫҰ байқаушылары: Қазақстанда жұмысымызға барлық қажетті жағдай жасалған

ШЫҰ байқаушылары: Қазақстанда жұмысымызға барлық қажетті жағдай жасалған
Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) байқаушылары сайлау учаскелері ашылмай тұрып-ақ сайлау барысын бақылауға кірісті. Байқаушылар дауыс беруді ұйымдастыру тәртібімен, сайлаушылар үшін жасалған жағдайлармен және учаскелік комиссиялардың жұмысымен танысып жатыр, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхунның айтуынша, байқау Астана қаласы мен Ақмола облысында жүргізіліп жатыр.

«Миссия мүшелері сайлау учаскелеріне еркін барып, бақылау бағыттарын өздері анықтай алады. Жұмысымызды жүргізуге барлық қажетті жағдай жасалған. Дауыс беру аяқталғанға дейін ШЫҰ миссиясы қандай да бір түпкілікті баға мен қорытынды бермейтінін ерекше атап өткім келеді. Біздің бүгінгі міндетіміз – сайлау процесінің барлық кезеңін мұқият бақылау және миссия мүшелерінің жеке байқаулары мен жинақталған нақты деректер негізінде объективті пікір қалыптастыру. Дауыс беру аяқталғаннан кейін де миссия мүшелері жұмысын жалғастырады. Атап айтқанда, сайлау учаскелерінің жабылуын және заңнамада көзделген рәсімдердің орындалуын бақылайды. ШЫҰ миссиясының қорытынды бағасы бақылау жұмыстары аяқталғаннан кейін қалыптастырылып, 24 тамызда өтетін баспасөз конференциясында жарияланады», – деді спикер Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының жаңа бір палаталы Құрылтайы депутаттарының алғашқы сайлауында дауыс беруге қатысты, деп...