Палестина Мемлекетінің Қазақстандағы Елшісі, дипломатиялық корпустың дуайені Монтасер Абу Зейд сайлауды алтыншы рет бақылап отырғанын атап өтті.
«Көптеген сайлау учаскесіне бардық. Ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Адамдар еш қысымсыз, өз еркімен дауыс беруде, көңіл-күйлері көтеріңкі», – деді спикер, қазақстандықтарға бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылық тілей отырып.
Ал Түркияның Қазақстандағы елшісі Мустафа Капуджу елімізде маңызды саяси реформалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
«Қос палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай құрылады. Бұл – маңызды саяси жаңару. Сайлау учаскелерінде болдым, ешқандай қысым мен кедергілер анықталған жоқ. Барлық азаматтар өз құқығын пайдаланып жатыр, халықаралық ұйымдар, байқаушылар сайлаудың транспаренттелігін байқап отыр. Қазақстан халқы өз еркін бейбіт түрде білдіріп жатыр», – деді деді елші.

