ҚР Бас прокуратурасы: Сайлауға қатысты өтініштер мен талап-арыздар келіп түспеді

ҚР Бас прокуратурасы: Сайлауға қатысты өтініштер мен талап-арыздар келіп түспеді
Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беру процесі тыныш жағдайда өтіп жатыр. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми өкілі Ерлан Жанпейсовтің онлайн телемарафон барысында өткен ОКҚ брифингінде айтуы бойынша, прокуратура органдарына ешқандай өтініштер түскен жоқ. Соттарға да талап-арыздар келіп түскен жоқ. Тек үгіт жүргізуге қатысты бір заң бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін кез келген үгіт жүргізуге тыйым салынған. Толтырылған бюллетеньдерді фото-бейне жазбаға түсіру және тарату да үгіт болып табылады. Алайда бүгінде осындай заңның бұзылу фактісі анықталды. Бұл дерек бойынша Алматы тұрғыны ҚР ӘҚБтК 102-бабымен жауапқа тартылды. Ол кінәсін мойындап, жарияланымын алып тастады. Осыған байланысты біз барлық азаматты заңды сақтауға шақырамыз», – деді спикер.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ