Оның айтуынша, ІІМ еліміздің барлық өңіріндегі жағдайды нақты уақыт режимінде бақылауда. Мониторинг жүргізу үшін ІІМ-нің жедел басқару орталықтарының мүмкіндіктері пайдаланылуда. Көшелер, қоғамдық орындар және сайлау учаскелеріне іргелес аумақтар бейнебақылау камералары арқылы тұрақты визуалды бақылауда.
«Қалалық және аудандық бөлімшелерде кез келген өтініштер мен ақпараттарға жедел әрекет етуге дайын мобильді топтар жұмыс істейді. Жағдайды бақылау тікелей оқиға орнында да, цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы да үздіксіз жүргізілуде», – деп атап өтті Ш. Әлекешев.
Ол азаматтардың немесе сайлау комиссияларының өтініштері бойынша полиция қажетті шараларды жедел қабылдауға дайын екенін айтты.
«Қоғамдық тәртіпті сақтап, жауапкершілік танытып отырған азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Полиция қызметін жалғастыруда», – деді ҚР ІІМ-нің ресми өкілі.

