«Қазақстан үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған реформаларды жалғастыру өте маңызды. Бүгінгі сайлаудың нәтижесі ішкі реформалардың бағыты мен қарқынын, сондай-ақ көпвекторлы сыртқы саясаттың жалғасын айқындайды. Польша және Еуропалық Одаққа мүше басқа да елдер үшін Қазақстанның тұрақты әрі сенімді экономикалық және саяси серіктес болып қала беруі аса маңызды», – деді спикер.
The Geneva Times газетінің бас редакторы, le Conseil universel des Droits de l ' Homme ҮЕҰ Басшысы Муиз Вахабдин (Швейцария) екі сайлау учаскесіне барғанын айтты.
«Дауыс беру процесі ашық әрі жақсы ұйымдастырылған. Ашықтық сенімді қалыптастырады, ал сенім – демократиялық процестің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Қазақстан – өңірдегі маңызды мемлекет. Ол Батыс пен Шығысты, түрлі мәдениеттер мен экономикалық аймақтарды байланыстырады. Елдің дамуында мықты институттардың рөлі зор. Ең маңыздысы – сайлау азаматтардың сенімін қамтамасыз етеді», – деді спикер.

