Қазақстан мен Руанда авиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Қазақстан мен Руанда авиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Монреальда өтіп жатқан ИКАО-ның Әуе көлігі жөніндегі 7-ші дүниежүзілік конференциясы (ATConf/7) аясында ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Руанда Республикасының әуе көлігі қауіпсіздігі жөніндегі директоры Робер Муджямбердің кездесуі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Тараптар авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, мемлекеттік бақылау мен қадағалау тетіктерін жетілдірудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Әуе көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында халықаралық тәжірибе мен озық практикалармен алмасудың, заманауи тәсілдерді енгізудің және авиациялық ведомстволардың институционалдық әлеуетін нығайтудың қажеттілігі атап өтілді.

Кездесу сондай-ақ әлемдік авиация саласының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасуға және Қазақстан мен Руанда арасындағы одан әрі кәсіби өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарын айқындауға арналған алаңға айналды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан қаласында шағын және орта өндірістердің тұрақты жұмыс істеуі тек дайын өнім шығарумен шектелмейді. Кәсіпорындардың күнделікті қызметінде...

Мемлекет басшысы бұл жиын серіктестікті жаңа әрі сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz – Ақордаға сілтеме...