Шымкентте «Сөз маржаны – термеде» республикалық термешілер байқауы өтті

Шымкентте «Сөз маржаны – термеде» республикалық термешілер байқауы өтті

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Шымкентте «Сөз маржаны – термеде» республикалық термешілер байқауы өтті. Байқау сөз бен сазды ұштастырған ұлттық өнерді сақтап, кеңінен дәріптеуге арналды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Байқауға Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Жетісу облыстарынан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан келген термешілер қатысты.

Бас жүлдені шымкенттік Мағжан Сауытбек иеленді. Жамбыл облысының өкілі Бекарыс Көштаев бірінші, Қызылорда облысынан келген Қуаныш Алғазиев екінші орын алды. Шымкенттік Батырхан Үсен мен алматылық Аружан Жұпарбекқызы үшінші орынға ие болды.

Сондай-ақ бірқатар қатысушы орындаушылық шеберлігі, дәстүрді сақтауға және терме өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы аталымдар бойынша марапатталды.

Байқау өнерпаздардың шығармашылық тәжірибе алмасуына, терме өнерінің терең тағылымын, сөз құдіреті мен ұлттық дәстүрдің асыл мұрасын кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан қаласында шағын және орта өндірістердің тұрақты жұмыс істеуі тек дайын өнім шығарумен шектелмейді. Кәсіпорындардың күнделікті қызметінде...

Мемлекет басшысы бұл жиын серіктестікті жаңа әрі сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz – Ақордаға сілтеме...