Еуразиялық интеграция институты «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша exit poll сауалнамасын жүргізді. Аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның айтуынша, 2026 жылғы 23 тамызда ҚР Құрылтай депутаттарын сайлауда Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға «Сіз қандай партияға дауыс бердіңіз?» деген сұрақ қойылды. Сауалнама 200 сайлау учаскесінің, оның ішінде, қалада 129 учаскені және ауылдық жерде орналасқан 71 учаскені қамтыды. Сауалнамаға барлығы 30 мың респондент қатысып, арнайы даярланған сұхбат алушыларға face-to-face әдісімен сұхбат берді. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
«Exit poll нәтижелері бойынша, «Әділет» партиясына респонденттердің 71,8%-ы , «Ауыл» партиясына 6,4% дауыс берді. Respublica партиясы 5,4%, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) 5,2%, «Ақ жол» демократиялық партиясы 5,1% дауыс жинады. Қазақстан Халық партиясын (ҚХП) дауыс берушілердің 3,0%-ы таңдады, «Байтақ» жасылдар партиясы 1,0% дауыс жинады. Қарсы болғандар – 2,1%», - деді спикер.
Сонымен қатар, «Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» жеке қоры Zakon.kz тапсырысы бойынша 200 сайлау учаскесінен шыққан азаматтар арасында exit poll әдісімен сауалнама жүргізіп, сайлаушылар таңдауының алдын ала нәтижелерін анықтады.
Зерттеу нәтижелері:
«Әділет» партиясы – 70,7%;
«Ауыл» партиясы – 6,4%;
Respublica партиясы – 5,5%;
«Ақ жол» демократиялық партиясы – 5,4%;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) – 5,0%;
Қазақстан Халық партиясы – 3,2%;
«Байтақ» жасылдар партиясы – 1,2%;
«Бәріне қарсымын» – 2,6%;
Зерттеу деректерінің социологиялық қателік шегі – ±1,5%.
Қоғамдық саясат институты «Жетінші арнаның» тапсырысы бойынша жүргізген exit poll сауалнамасының нәтижесі бойынша, сайлаушылардың дауысы төмендегідей:
«Әділет» партиясы – 72,3%;
«Ауыл» партиясы – 6,2%;
Respublica партиясы – 5,2%;
«Ақ жол» Демократиялық партиясы – 5,1%;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 5,0%;
Қазақстан Халық партиясы – 2,8%;
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 0,9%;
Барлығына қарсымын – 2,5%.
Сауалнама еліміздің барлық өңіріндегі 200 сайлау учаскесінде өткізілді. Оған 24 мыңнан астам респондент қатысты. Зерттеудің қателігі – ±0,63%.

