«1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы Ләззат Асанованы еске алуға арналған» жобасы бойынша

«1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы Ләззат Асанованы еске алуға арналған» жобасы бойынша

2026 жылғы 28 тамыз күні Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы Ләззат Асанованы еске алуға арналған» жоба шеңберінде «10 игі іс» ұранымен қайырымдылық шарасы өтті. Жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 15 бүлдіршінге мектеп рюкзактары мен қажетті оқу құралдары табысталды.

Игі шараға Республикалық «Желтоқсан-86 – Тәуелсіздік қырандары» Халық қаһармандары қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жүніс Гүлбахрам Есмұратқызы арнайы қатысып, бүлдіршіндерді алдағы оқу жылымен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді.

Аталған бастаманың мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсету, өскелең ұрпаққа қамқорлық таныту, ізгілік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптей отырып, Желтоқсан қаһармандарының ерлігі мен Тәуелсіздік рухын жас ұрпақ санасында жаңғырту.

Бүлдіршіндеріміздің мектептегі алғашқы қадамдары сәтті болып, білім жолдары жарқын болсын!

«10 игі іс» – жақсылыққа бастар ізгі қадам!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Кәсіпорын ассортиментінің көп болуы әрдайым жоғары табыс әкеледі деген сөз емес. Кейбір тауарлар жақсы сатылғанымен, олардың пайдасы төмен болуы...