«Қауіпсіз орта – ортақ міндет»

«Қауіпсіз орта – ортақ міндет»

Шардара аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен шекара қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесу барысында суицидтің алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылық және сталкинг тақырыптары кеңінен түсіндірілді.
Қатысушыларға суицидтік мінез-құлықтың алдын алуда адамның эмоционалдық жағдайына назар аударудың, дер кезінде қолдау көрсетудің және қажет болған жағдайда мамандардың көмегіне жүгінудің маңыздылығы айтылды.
Сонымен қатар зорлық-зомбылықтың түрлері, оның психологиялық және әлеуметтік әсері, зорлық-зомбылыққа жол бермеу және қауіп туындаған жағдайда көмекке жүгіну жолдары талқыланды.
Сталкинг тақырыбында адамның жеке шекарасын бұзу, рұқсатсыз және қайталама түрде мазалау, бақылау немесе қудалау әрекеттерінің қауіптілігі түсіндірілді.
Кездесу соңында қатысушыларға өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау, құқық бұзушылықтарға бейжай қарамау және қажетті жағдайда тиісті мамандардан көмек сұрау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

11 қыркүйекте Түркістанда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асыловтың төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымы Бас прокурорлары кеңесінің...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Келес ауданында «Күзгі тазалық –...

Шардара аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен шекара қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.Кездесу барысында суицидтің алдын алу,...