11 қыркүйекте Түркістанда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асыловтың төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымы Бас прокурорлары кеңесінің 5-отырысы өтті.
Негізгі назар цифрлық технологияларды, криптовалюталарды және онлайн-платформаларды пайдаланумен байланысты есірткі қылмысының жаңа нысандарына, бірлескен тергеу жүргізуге және қылмыстық желілерді анықтау үшін жасанды интеллектіні қолдануға аударылды.
Отырысқа Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Түркия прокуратураларының басшылары, сондай-ақ ТМҰ Бас хатшысы мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің өкілі қатысты.
Түркістан киберкеңістіктегі есірткі бизнесіне қарсы күресте халықаралық прокурорлық ынтымақтастықтың жаңа деңгейін қалыптастыру алаңына айналды

