Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен, қала әкімдігінің қолдауымен “Заң мен Тәртіп” қағидасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыру, қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру ға бағытталған «Қаржы сақшысы» республикалық интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.
Ашылу салтанатында Шымкент қаласы маслихатының төрағасы, Шымкент қалалық филиалы Әділет партиясының төрағасы Мұрат Жанабайұлы Жоджыхожаев пен Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Мейрамбекұлы Кәрімов құттықтау сөз сөйледі.
Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Бақыт Сапарғалиұлы Қайшыбеков алғы сөзбен жастарға сәттілік тіледі.
Ауқымды сайысқа еліміздің 5 өңірінен 1260 қатысушыдан құралған 126 команда қатысты. Қатысушылар қаржылық қауіпсіздік, лудоманияның алдын алу, дропперлік және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша білімдерін сынады.
Сайыс қорытындысы бойынша:
1-орын – 1 000 000 теңге
2-орын – 500 000 теңге
3-орын – 300 000 теңге
Сонымен қатар, финалға өткен 10 командаға 100 000 теңгеден сыйақы табысталды.
«Қаржы сақшысы» – жастардың қаржылық сауатын арттырып, алаяқтық схемалардан сақтануға және жауапты қаржылық мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған маңызды жоба.


