Еңбек ету құқығы: Түркістандағы жаңа жұмыс орындарының маңызы

Еңбек ету құқығы: Түркістандағы жаңа жұмыс орындарының маңызы

Жаңа Конституцияның 27-бабында әр адамның еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бекітілген. Сонымен бірге мемлекет қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайына, кемсітусіз еңбегі үшін сыйақы алуға және әлеуметтік қорғалуға кепілдік береді.

Бұл – азамат үшін өте маңызды конституциялық норма. Өйткені адамның өз қабілеті мен кәсіби біліміне сәйкес еңбек етуіне, заңды түрде табыс табуына және қауіпсіз еңбек жағдайына ие болуына құқықтық негіз қалыптасады.

Түркістан облысында бұл бағыттың өзектілігі жоғары. Өңір халқының 74,6 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. 2026 жылғы 1 тамыздағы дерек бойынша облыс халқы 2,145 миллион адамға жеткен.

Сондықтан жаңа өндірістер ашу, инвестициялық жобаларды іске қосу және тұрақты жұмыс орындарын көбейту – ауыл тұрғындарының табысын арттыруға мүмкіндік беретін маңызды бағыт.

Мәселен, 2026 жылы Түркістан облысында 66 инвестициялық жобаны 444 млрд теңгеге іске асыру және шамамен 7 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Демек, Конституциядағы еңбек ету құқығы нақты экономикалық жобалармен сабақтасып, азаматтың кәсіби мүмкіндігін іске асыруына жол ашады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ