Алматы облысында жалпы ұзындығы 68,5 шақырым болатын ирригация жүйелерін жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын

Алматы облысында жалпы ұзындығы 68,5 шақырым болатын ирригация жүйелерін жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Балтабай суару алқабындағы ирригация жүйелерін жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Жоба аясында жалпы ұзындығы 68,5 шақырымнан асатын 31 каналды реконструкциялау көзделген. Оның ішінде жалпы ұзындығы 15,2 шақырым болатын 4 канал шаруашылықаралық, ал жалпы ұзындығы шамамен 53,3 шақырымды құрайтын 27 канал шаруашылықішілік каналдарға жатады.

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары 100%-ға орындалған. Жобаны іске асыру Балтабай ауылдық округіндегі 5 мың гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді.

«Барлық нысан «Қазсушар» РМК-ның «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалының қарамағында. Балтабай суару алқабын толық пайдалануға келесі жылдың вегетация кезеңіне дейін дайындау жоспарланып отыр», – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильда және Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов...

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Балтабай суару алқабындағы ирригация жүйелерін жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды ...

Қазақстанда Мемлекет басшысының республикалық маңызы бар 10 мың шақырым автомобиль жолын жөндеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру жалғасуда. 2026...