Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды

Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Король Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Ұлттық музейді аралады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мәртебелі меймандар музей кешенінің сәулеттік ерекшеліктерін және Ұлы даланың мәдени-тарихи мұрасын паш ететін экспозициялар кеңістігін тамашалады.

Әсіресе, бірегей археологиялық қазбалар, ежелгі зергерлік өнер үлгілері, соның ішінде Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» мен Берел, Талды-2, Тақсай, Шілікті обаларынан шыққан алтын бұйымдар қойылған Алтын залына ерекше назар аударылды.

Этнография залында қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мәдениетімен танысты.

Сондай-ақ бельгиялық суретші Джеймс Энсор шығармаларының көрмесі ұсынылды.

Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильда және Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов...

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Балтабай суару алқабындағы ирригация жүйелерін жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды ...

Қазақстанда Мемлекет басшысының республикалық маңызы бар 10 мың шақырым автомобиль жолын жөндеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру жалғасуда. 2026...