Құқық бұзушылықтың алдын алу — ортақ мәселе

Құқық бұзушылықтың алдын алу — ортақ мәселе

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Көктерек ауылдық округіне қарасты №33 Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде оқушылар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында маңызды кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтардың туындау себептерін түсіндіру, олардың алдын алу шаралары және әрбір әрекет үшін заң алдындағы жауапкершілікті ұғындыру.
Арнайы қатысқан маман:
Кездесуге Сарыағаш аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының заңгері Мирзараймова Ширин Табризовна қатысып, оқушыларға құқықтық бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Талқыланған маңызды мәселелер:
Құқықтық жауапкершілік: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған заң талаптары;
Буллинг және кибербуллинг: Әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік және заңсыз әрекеттердің салдары;
Заң мен тәртіп: Оқушылардың тәртіпті сақтауы, салауатты өмір салтын ұстануы.
Мұндай профилактикалық кездесулер жастардың санасына құқықтық мәдениетті сіңіріп, саналы да жауапты азамат болуға тәрбиелеуге бағытталған.
«Заңды білу — заман талабы, заңды сақтау — әр азаматтың парызы!».

#заңментәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДОК

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алкоголь – денсаулыққа, отбасыға және қоғамға зиян келтіреді. Салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден бас тартыңыз. Өзіңізді және...

Құрметті тұрғындар! Нашақорлық — адам өміріне үлкен қауіп төндіретін зиянды әдеттердің бірі. Есірткі адамның денсаулығын бұзып қана қоймай, оның...

Интернет алаяқтық – азаматтардың жеке деректері мен қаражатын заңсыз иемденуге бағытталған қылмыс. Алаяқтар жалған хабарламалар, күмәнді сілтемелер, телефон қоңыраулары...