Түркістан облысында "Қорғау" жүйесі жол ережесін бұзған жүргізушілерді әшкереледі

Түркістан облысында "Қорғау" жүйесі жол ережесін бұзған жүргізушілерді әшкереледі

Түркістан облысында полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында "Қорғау" ақпараттық жүйесі арқылы бақылау жұмыстарын жүргізуде.
Ордабасы ауданында жүргізілген тексеру барысында жол қозғалысы ережелерін бұзған және әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегін уақытылы өтемеген бірнеше жүргізуші анықталды.
Атап айтқанда, Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі жылдамдықты асыруға байланысты бес рет құқық бұзған. Ал Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі де белгіленген жылдамдық режимін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Полиция қызметкерлерінің түсіндіру жұмыстарынан кейін екі жүргізуші де берешектерін өтеді.
Сонымен қатар Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісінің жылдамдықты асыру және көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу деректері бойынша 60 мың теңгеден астам берешегі бары анықталды. Заңнама талаптарына сәйкес, автокөлік айыптұраққа қойылды.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және әкімшілік айыппұлдарды белгіленген мерзімде төлеуге шақырады. Мұндай шаралар жолдағы тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

#Заңментәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДОК

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алкоголь – денсаулыққа, отбасыға және қоғамға зиян келтіреді. Салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден бас тартыңыз. Өзіңізді және...

Құрметті тұрғындар! Нашақорлық — адам өміріне үлкен қауіп төндіретін зиянды әдеттердің бірі. Есірткі адамның денсаулығын бұзып қана қоймай, оның...

Интернет алаяқтық – азаматтардың жеке деректері мен қаражатын заңсыз иемденуге бағытталған қылмыс. Алаяқтар жалған хабарламалар, күмәнді сілтемелер, телефон қоңыраулары...