Түркістан облысында жол-көлік оқиғалары 4,1 пайызға азайды

Түркістан облысында жол-көлік оқиғалары 4,1 пайызға азайды

 

2026 жылдың 9 айында Түркістан облысы бойынша 887 (2025 жылдың 9 айында - 925) жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда -4,1%-ға төмендеген .

Жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккендер саны -8,9%-ға (1375-тен 1253-ке) төмендеген, оның ішінде жарақат алғандар саны -9,1%-ға (1157-тен 1052-ке дейін) төмендеген, ал қаза тапқандар саны -7,8%-ға (218-ден 201-ге дейін) төмендеген.

Кәмелетке толмағандар арасында жарақат алғандар саны 353 (357) -1,1%-ға төмендеген, ал қаза тапқандар саны 46 (39) өсім 17,9%-ды көрсетеді.

Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында (201 ЖКО) және елді мекендер аумағында орын алуда (566 ЖКО).

Ең көп жол-көлік оқиғалары тіркелген аудандар: Сайрам – 122, Түркістан қаласы – 118, Жетісай – 101, Арыс – 66, Түлкібас – 56, Созақ – 54, Сарыағаш – 51, Келес – 45, Шардара – 44, Сауран – 39, Ордабасы – 38, Төлеби – 33, Қазығұрт – 26, Отырар – 26, Мақтаарал – 25, Кентау қаласы – 22, Бәйдібек – 21.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері әлі де Жол қозғалысы қағидаларын сақтамау болып табылады (ЖҚҚ немесе жол белгілерінде белгіленген жылдамдықты арттыру; жаяу жүргіншілерге немесе өзге де жол қозғалысына қатысушыларға басымдық бермеу; маневр жасау қағидаларын сақтамау; қарсы қозғалыс кезінде жол беру немесе басып озу қағидаларын бұзу және басқа да жағдайлар).

Түркістан облысының құрметті тұрғындары, сондай-ақ қонақтары мен туристері, жол қозғалысы қағидаларының талаптарын қатаң сақтап, барынша мұқият болуларыңызды сұраймыз.

Жолдарды тек белгіленген жерлерде кесіп өтуге, оң жақ рульді орналасуы бар автомобильдерде такси қызметтерін пайдаланбауға, қала маңындағы жолдарда жылдамдықты асырмауға және қауіпті маневрлер жасамауға шақырамыз.

Сонымен қатар, ел аумағындағы жол-көлік оқиғалары туралы толық ақпаратпен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «https//gis.kgp.kz»порталындағы «Авариялар картасы» бөлімінде танысуға болатынын еске саламыз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

  21 октября 2026 года на заседании Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции НПП «Атамекен» под председательством Каирбека Сулейменова...