Алматыдағы №2 ЖЭО-да газдағы жаңа су жылыту қазандығы жылу бере бастады

Алматыдағы №2 ЖЭО-да газдағы жаңа су жылыту қазандығы жылу бере бастады

Алматыдағы №2 жылу электр орталығында көмірдің орнына табиғи газбен жұмыс істейтін жаңа су жылыту қазандығы жылу бере бастады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Нысанның іске қосылуы станцияны ауқымды жаңғырту және көмірден табиғи газға көшіру жұмыстарының кезекті маңызды кезеңі болды.

Жаңа су жылыту қазандығы жылыту және ыстық сумен жабдықтау қажеттіліктері үшін жылу өндіреді. Оның іске қосылуы Алматы тұтынушыларын сенімді жылумен қамтамасыз етуге және қажетті жылу қуатының резервін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Осылайша, Алматыдағы №2 ЖЭО-да жылу генерациясының жаңа нысаны іске қосылды. Ал келесі маңызды кезең электр энергиясын өндіруге арналған бу-газ қондырғысының энергетикалық жабдықтарын іске қосу болады.

Станцияны жаңғырту көмірді пайдаланудан бас тартуға, электр және жылу энергиясын өндіру тиімділігін арттыруға, сондай-ақ Алматы қаласына түсетін экологиялық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екінші Тянь-Шань форумы аясында Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика...

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы Мемлекет басшысына Қарағанды облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, инвестициялық жобалардың жүзеге...