Алматыда «Білім берудегі шахмат» IV халықаралық конференциясы өтеді

Алматыда «Білім берудегі шахмат» IV халықаралық конференциясы өтеді

12–13 қарашада Алматы қаласындағы Narxoz университетінің базасында «Білім берудегі шахмат» IV халықаралық конференциясы өтеді. Іс-шара мектеп шахматын дамытуға және осы бағыттағы халықаралық тәжірибе алмасуға арналады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Конференцияда шахматтың оқушылардың логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамытудағы рөлі, оны білім беру үдерісіне енгізу және педагогтерді даярлау мәселелері талқыланады.

Халықаралық жиынға Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, Қазақстан шахмат федерациясының басшылығы, шетелдік сарапшылар, әдіскерлер мен педагогтер қатысады.

Екі күндік бағдарлама аясында панельдік сессиялар, заманауи білім беру бағдарламаларының таныстырылымдары мен шеберлік сабақтары өтеді. Қатысушылар мектептерде шахматты оқыту тәжірибесімен бөлісіп, оны одан әрі дамыту жолдарын талқылайды.

Конференция туралы толық ақпарат: https://conf.kazchess.kz/kz

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент жолдауын іске асырудың нәтижесі қазақстандықтардың күнделікті өмірінен көрініс табуы тиіс. Бұл – жолдың сапасы, білім беру мен медициналық қызметтің...