«Халықтық құрылыс» бағдарламасы – ел дамуына серпін беретін маңызды бастама

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы – ел дамуына серпін беретін маңызды бастама

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, кәсіпкерліктің өркендеуіне және ұлттық экономиканы жандандыруға зор үлес қосатын еліміз тарихындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі болмақ.

Аталған бастама елдегі құрылыс саласының дамуына тың серпін беріп қана қоймай, өңірлердің инфрақұрылымын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және отандық кәсіпкерлікті қолдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар құрылыс жобаларының жүзеге асуы экономиканың өзге де салаларының дамуына оң ықпал етіп, өндіріс пен қызмет көрсету бағытындағы іскерлік белсенділікті арттыруға жол ашады.

Мұндай ауқымды жобаларды іске асыруда қаражаттың тиімді жұмсалуы, құрылыс жұмыстарының сапасы мен белгіленген мерзімде аяқталуы ерекше маңызға ие. Әрбір жоба халықтың нақты қажеттіліктеріне бағытталып, ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық нәтижеге негізделуі тиіс.

Бағдарламаның басты мақсаты – елдің инфрақұрылымдық әлеуетін арттыру арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және ұлттық экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында атап өткен.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ және Core Element AI, Inc. геологиялық барлауда жасанды интеллектіні...

Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтау және оларды кейіннен ауыл шаруашылығы айналымына...

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігі су ресурстарын қорғауға және ұтымды пайдалануға...