Қазақстан COP31-де метан шығарындыларын қысқарту жөніндегі шараларын таныстырды

Қазақстан COP31-де метан шығарындыларын қысқарту жөніндегі шараларын таныстырды

COP31 аясында Анталья қаласында метан шығарындыларын қысқарту және Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне арналған іс-шара өтті. Оны CAREC, Global Methane Hub және Environmental Defense Fund (EDF) ұйымдары ұйымдастырды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Климаттық саясат департаментінің директоры Сәуле Сабиева қатысты.

Сөз сөйлеу барысында Қазақстанның метан шығарындыларын реттеуді жетілдіру, спутниктік мониторингті енгізу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы шаралары таныстырылды.

Қазақстан метан шығарындыларын қысқарту саласындағы өңірлік әріптестікті одан әрі нығайтуға және тәжірибе алмасуға дайын екенін растады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын сөз еткенде, азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу құқығына ерекше назар аудару қажет. Себебі...

Как устроена работа уголовно-исполнительной системы, чем занимаются её сотрудники и какие возможности для бизнеса есть в исправительных учреждениях? Об этом узнали студенты...