«Қала хикаялары» республикалық әдеби байқауына өтінім қабылдау жалғасуда

«Қала хикаялары» республикалық әдеби байқауына өтінім қабылдау жалғасуда

Жаңа қаламгерлерді анықтап, қолдауға арналған «Қала хикаялары» республикалық прозалық байқауына өтінім қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Байқау қала мәдениетін, қазіргі қаладағы адам өмірін, қоғамдағы өзгерістерді, сондай-ақ ұлттық болмыс пен заманауи құндылықтардың өзара байланысын көркем әдебиет арқылы бейнелеуді көздейді.

Байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Қала прозасы жанрында жазылған, бұрын жарияланбаған, көлемі кемінде 10 авторлық баспа табақ болатын романдар қабылданады. Бір авторлық баспа табақ 40 мың баспа таңбасына тең. Әр қатысушы бір ғана шығармасын ұсына алады.

Өтінімдер 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін qoljazba.bookfund.kz сайты арқылы қабылданады.

Байқау жеңімпаздарының шығармалары жалпы 15 мың данамен басылып, Қазақстан кітапханаларына таратылады. Қазіргі уақытта байқауға 20 өтінім түскен.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 74-04-07, 8 (7172) 74-03-84, 8 (7172) 74-04-08 телефондарына хабарласуға болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ