ҚР ТЖМ министрі Астанадағы бірыңғай диспетчерлік қызметтің жұмысымен танысты

ҚР ТЖМ министрі Астанадағы бірыңғай диспетчерлік қызметтің жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің № 3 өрт сөндіру бөлімінде болып, 101 және 112 нөмірлері арқылы келіп түсетін шұғыл шақыртуларды қабылдау және өңдеумен айналысатын бірыңғай диспетчерлік қызметтің жұмысымен танысты, деп хабарлайды No-comment.kz - Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Сапар барысында министр қызметтің жұмысын ұйымдастыру барысын, техникалық жабдықталуын және заманауи цифрлық шешімдерді көрді. IT Space компаниясының өкілі ведомство басшысына әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етудің функционалдық мүмкіндіктерін, негізгі жұмыс құралдарын және келіп түсетін шақыртуларды өңдеу алгоритмдерін таныстырды.

Әсіресе 101 және 112 нөмірлері арқылы шақыртуларды қабылдаудың бірыңғай жүйесіне, диспетчерлік процестерді автоматтандыруға, ақпаратты жедел жеткізуге және шұғыл қызметтердің іс-қимылын үйлестіруге ерекше назар аударылды.

Бірыңғай диспетчерлік қызмет азаматтардың өтініштерін орталықтандырылған түрде қабылдауды, оқиғалар туралы ақпаратты өңдеуді және қажетті күштер мен құралдарды оқиға орнына уақтылы жіберуді қамтамасыз етеді. Бұл процестердің интеграциясы бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттырып, төтенше жағдайларға ден қою уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ министр тәулік бойы кезекшілік атқару жағдайларымен, диспетчерлік құрамның жұмысын ұйымдастыру тәртібімен және қызметті одан әрі дамыту мүмкіндіктерімен танысты.

Бірыңғай диспетчерлік жүйені дамыту – ТЖМ қызметін цифрлық трансформациялаудың маңызды бағыттарының бірі. Заманауи технологияларды енгізу ден қою жеделдігін арттыруға, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіруге және халыққа уақтылы көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қойған міндеттер шеңберінде өңдеуші секторды ынталандыру және офтейк-келісімшарттарды енгізу...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөніндегі бастамасын қолдаймын. Алдағы...

Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы (ҚР ҰФҒО) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) супраұлттық...

Түркістан қаласында өндірістік және коммерциялық кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуі техникалық жабдықтардың тұрақты пайдаланылуына байланысты....