Астанада хореографиялық оқу орындарының «Temps lié» IV халықаралық фестивалі аяқталды

Астанада хореографиялық оқу орындарының «Temps lié» IV халықаралық фестивалі аяқталды

Астанада кәсіби хореографиялық оқу орындарының «Temps lié» IV халықаралық фестивалі өтті. Фестиваль Қазақ ұлттық хореография академиясының 10 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға әр елдің жетекші балет мектептерінің өкілдері, белгілі өнер қайраткерлері мен жас әртістер қатысты.

Фестивальдің алғашқы күні Astana Ballet театрының сахнасында «Раушан гүлі мен көбелектің романы» балеті қойылды. Балет идеясын XX ғасырдың басында Мариус Петипа ойластырған. Қойылым Академияның көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованың бастамасымен және хореограф Василий Медведевтің қатысуымен қайта сахналанды. Спектакльге Академияның 130-ға жуық білім алушысы қатысты.

Екінші күні шетелдік қонақтардың қатысуымен баспасөз конференциясы және гала-концерт өтті. Қазақстан, Қытай, Ресей, Бразилия, Мажарстан, Өзбекстан, Моңғолия және Қырғызстанның хореографиялық оқу орындарынан келген жас әртістер классикалық балеттен үзінділер орындап, халық билері мен заманауи хореография үлгілерін көрсетті.

Фестиваль Академияның 10 жылдығына арналған «Академия түлектерінің жұлдызды жолы» гала-концертімен аяқталды. Кешке бүгінде «Астана Опера», Astana Ballet театрларында және «Гүлдер» ансамблінде еңбек етіп жүрген өнерпаздар қатысты.

Қорытынды концертте «Щелкунчик», «Жизель», «Дон Кихот» және «Кармен» балеттерінен үзінділермен қатар, ұлттық және заманауи би қойылымдары ұсынылды.

Фестиваль хореографиялық оқу орындарының тәжірибе алмасуына, халықаралық шығармашылық байланысты нығайтуына және жас әртістердің шеберлігін танытуына мүмкіндік берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматыда Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның үздік қолөнершілері анықталады Қазақстанда Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан шеберлерінің басын қосқан...

Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуы жергілікті өндірушілердің өнім өткізу мүмкіндіктерімен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, көтерме...

25 Қараша 2026, 11:40, деп хабарлайды No-comment.kz - Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) президенті...