QOLONER халықаралық байқауы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан қолөнершілерін біріктіреді

QOLONER халықаралық байқауы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан қолөнершілерін біріктіреді

Алматыда Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның үздік қолөнершілері анықталады

Қазақстанда Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан шеберлерінің басын қосқан QOLONER халықаралық қолөнершілер байқауы өтуде.

Жобаның мақсаты – дәстүрлі қолөнер түрлерін сақтау және кеңінен насихаттау, шеберлерді қолдау, қолөнер кәсіпкерлігін дамыту, сондай-ақ Орталық Азия елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайту.

Байқау аясында ұлттық мәдени мұраны ілгерілетуге және қолөнерді кәсіпкерліктің дербес бағыты ретінде дамытуға жаңа мүмкіндіктер жасауға ерекше назар аударылады. Жеңімпаздарға өз бұйымдарын Қазақстандағы ірі бөлшек сауда желілерінің бірінде бір жыл бойы орналастыруға арналған келісімшарт беріледі. Сонымен қатар, өз өнімдерін мейрамханалар желісінің арнайы сауда алаңдарында ұсыну мүмкіндігіне де ие болады.

Байқауға қатысушылар өз жұмыстарын «SHEBER» қосымшасына орналастыра алады. Өтінімдер qoloner.marwin.kz сайты арқылы қабылданады.

2026 жылғы 20 желтоқсанда Алматы қаласында 12 номинация бойынша жеңімпаздарды марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтеді.

Байқау мәдениет, гастрономия және креативті индустриялар салаларында жобаларды дамытып келе жатқан қазақстандық компаниялар тобының бастамасымен құрылған QOLÖNER консорциумының ұйымдастыруымен, Алматы қаласы Туризм басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматыда Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның үздік қолөнершілері анықталады Қазақстанда Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан шеберлерінің басын қосқан...

Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуы жергілікті өндірушілердің өнім өткізу мүмкіндіктерімен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, көтерме...

25 Қараша 2026, 11:40, деп хабарлайды No-comment.kz - Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) президенті...