Мемлекет басшысының жолдауы: ғылым мен денсаулық сақтау – елді дамытар негізгі қозғаушы күш

Мемлекет басшысының жолдауы: ғылым мен денсаулық сақтау – елді дамытар негізгі қозғаушы күш

Денсаулық сақтау саласын дамыту, ғылыми әлеуетті нығайту мен азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру – мемлекет басшысының жолдауында айқындалған маңызды басымдықтар.

Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұқбатында Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Халық кеңесінің мүшесі Вячеслав Локшин осылай деп ой бөлісті.

Бұл ретте жаңа медициналық мекемелер салумен қатар, оларды сапалы жабдықтау, замандық технологияларды енгізу мен білікті кадрлар даярлау мәселесін де қатар ескеріп, ерекше мән беру қажет екенін айтады спикер.

Атап айтқанда, денсаулық сақтау жүйесінің бастапқы буынына – емханалар мен жалпы жұмысбасты дәрігерлерге басымдық берілуі тиіс.

Себебі дәл осы буын аурудың алдын алуды, ерте диагностика мен денсаулыққа қатысты мәселелерді уақтылы анықтауды қамтамасыз етеді.

Сондықтан медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырумен қатар, олардың еңбек етуіне қолайлы жағдай жасап, әлеуметтік әл-ауқатын да жақсарта түсу керек екен.

«Денсаулық сақтау саласына салынған инвестициялардың нәтижесі бүгін ғана емес, болашақта да көрініс табады. Жаңа клиникалардың замандық құрал-жабдықтармен, озық технологиялармен қамтамасыз етіліп, білікті мамандармен жасақталуы да кезек күттірмейтін мәселе», – деді академик.

Сонымен қатар Вячеслав Локшин отандық ғылымды дамытудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Оның пікірінше, басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеуді қолдау экономиканың көп саласында сапалы өзгеріске негіз болуы тиіс. Ғалымдар медицина, жол құрылысы мен басқа да саладағы пилоттық жобаларды әзірлеуге, сараптамалық бағалау мен іске асыруға барынша белсене қатысуы қажет.

Жаңа конституцияны қабылдау үдерісі аясында ғылым, білім, мәдениет пен денсаулық сақтау салалары ел дамуының негізгі қозғаушы күші ретінде ерекше маңызға ие. Бұл бағыттарды жүйелі түрде дамыту әр отбасы мен әр азаматтың әл-ауқатын арттырумен тікелей байланысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан «Бір белдеу, бір жол» энергетика жөніндегі 4-ші...

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаменті Әділет министрлігінің өкілдерімен бірлесіп, Министрлік қызметкерлері мен оның аумақтық...