«Ауыл аманаты» шеңберінде кәсіпкерлерді қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту жоспарлануда

«Ауыл аманаты» шеңберінде кәсіпкерлерді қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту жоспарлануда

ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде шағын несиелеу мен лизинг шартын өзгертуді ұсынады. Тиісті бұйрықтың жобасы (2025 жылғы 16 маусымдағы № 53 бұйрық) ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың кәсіпкерлерінің қаржыландыру мүмкіндігін кеңейтуді көздейді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Негізгі өзгерістің бірі лизингтік қаржыландыру мүмкіндігін кеңейтуге қатысты. Тек ауыл шаруашылығы техникасын ғана емес, бизнес жүргізу үшін қажетті техника мен басқа да жабдық түрін сатып алу мүмкіндігі көзделеді.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу жөніндегі жобаларды қаржыландырудың шекті мөлшерін қайта қарау жоспарлануда. Бұл кәсіпкерлердің осындай жобаларды іске асыру мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл ретте қайта өңдеуді дамытуға бағытталатын қаражаттың кепілді үлесі сақталады.

Ұсынылған өзгерістер қаржылық қолдау көрсету шарттарын жетілдіруге, ауыл кәсіпкерлерінің мүмкіндіктерін кеңейтуге және «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда бизнесті дамытуды ынталандыруға ықпал етеді.

«Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 53 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15951213

Жобаны жария талқылау 2026 жылғы 11 желтоқсанға дейін жалғасады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Әділет» партиясы сайлауалды штабтардың жұмысын түйіндеуде. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен қорытынды отырыста үгіт-насихат науқанының нәтижесі шығарылды және...

AI Journey 2026 халықаралық конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті...

Астанада Қазақ ұлттық хореография академиясы мен Моңғолия мемлекеттік консерваториясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды...