Астанада Дүниежүзілік банк сарапшыларымен салық апелляциясы жүйесін жетілдіру жолдары талқыланды

Астанада Дүниежүзілік банк сарапшыларымен салық апелляциясы жүйесін жетілдіру жолдары талқыланды

Елордада Дүниежүзілік банктің халықаралық консультанттары Ян Леприк пен Джонатан Пембертонның қатысуымен салық апелляциясы мәселелеріне арналған семинар болды, деп хабарлайды No-comment.kz – Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

Екі күнге жалғасқан іс-шара аталған қаржы институтының жаһандық салық бағдарламасының гранты аясында өткенін атап өткен жөн.

Семинарға ҚР Қаржы министрлігінің Апелляция департаменті мен Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары қатысты. Ол сараптамалық диалогты жалғастыруға және салық дауларын реттеу саласындағы кәсіби дағдыны арттыруға бағытталған. Оның барысында апелляцияны қарау статистикасы, ішкі рәсімдерді стандарттау мүмкіндіктері және дауларды шешудің балама әдістерін қолдану перспективалары қарастырылды.

Семинар қорытындысы бойынша салық апелляцияларын қарау тетіктерін жетілдіру және бірлескен жұмысты жалғастыруды көздейтін қадамдар өзара келісілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В Казахстан с визитом прибыл президент Международного союза велосипедистов (UCI), член Международного олимпийского комитета Давид Лапартьен. В...

Түркістан қаласының өңдеу өнеркәсібін дамыту барысында күнделікті тұтынуға арналған тауарларды өндірудің экономикалық маңызы ерекше. Тұрмыстық химия өнімдері...

Қазақстанға Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) президенті, Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі Давид Лапартьен жұмыс сапарымен келді....