Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Райымбек Баталов UCI президенті Давид Лапартьенмен кездесті

Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Райымбек Баталов UCI президенті Давид Лапартьенмен кездесті

Қазақстанға Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) президенті, Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі Давид Лапартьен жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында UCI басшысы Қазақстан велосипед спорты федерациясының президенті Райымбек Баталовпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар еліміздегі велосипед спортының қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын, қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы жетістіктерін және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин, UCI бас директоры Амина Ланайя, Қазақстан велосипед спорты федерациясының әйелдер велоспортын дамыту жөніндегі вице-президенті Яна Зель және ҰОК басшылығының өкілдері қатысты.

Райымбек Баталов Федерацияның велосипед спортының барлық бағыттарын жүйелі дамыту, материалдық-техникалық және әдістемелік базаны жетілдіру, мамандардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ еуропалық клубтық жүйе моделін енгізу бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.

Әсіресе спортшыларды даярлаудың үздіксіз жүйесін қалыптастыруға, яғни балалар мен жасөспірімдер спортынан ересектер спортына, одан әрі кәсіби деңгейге өтуге қажетті жағдай жасауға басымдық берілді. Сонымен қатар өңірлік спорт мектептерінің әлеуетін арттыру, жеке инвестицияларды тарту және халықаралық байланыстарды кеңейту мәселелері қозғалды.

Давид Лапартьен Қазақстан велосипед спорты федерациясының қызметіне жоғары баға беріп, Қазақстанның Жапония және Қытаймен қатар Азиядағы велосипед спорты дамыған жетекші елдердің бірі екенін атап өтті.

Кездесу барысында қазақстандық спортшылардың халықаралық жарыстардағы нәтижелеріне де ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өткен Азия ойындарында ұлттық құраманың бес медаль, оның ішінде үш алтын жүлде жеңіп алуы жоғары бағаланды. Сондай-ақ Азия ойындарының алты дүркін чемпионы Алексей Луценконың жетістіктері мен Дакарда өткен жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль иеленген Анель Ташбайдың жеңісі атап өтілді.

Тараптар әйелдер велоспортын дамыту, гендерлік теңдік қағидаттарын ілгерілету және қазақстандық спортшы қыздардың кәсіби деңгейде өнер көрсету мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін де талқылады.

Бұдан бөлек, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына дайындық, велосипед спортының түрлі бағыттарын дамыту және UCI қамқорлығымен Қазақстан аумағында халықаралық жарыстар өткізу перспективалары қарастырылды.

Сапар аясында UCI басшылығы еліміздің спорттық инфрақұрылымымен және отандық спортшыларды даярлау жағдайларымен де танысты.

Халықаралық велосипедшілер одағы басшылығының Қазақстанға сапары отандық велоспорттың халықаралық деңгейдегі беделін нығайтуға, тәжірибе алмасуға және өзара тиімді ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В Казахстан с визитом прибыл президент Международного союза велосипедистов (UCI), член Международного олимпийского комитета Давид Лапартьен. В...

Түркістан қаласының өңдеу өнеркәсібін дамыту барысында күнделікті тұтынуға арналған тауарларды өндірудің экономикалық маңызы ерекше. Тұрмыстық химия өнімдері...

Қазақстанға Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) президенті, Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі Давид Лапартьен жұмыс сапарымен келді....