Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Қарағаш ауылында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында жаңартылған өрт сөндіру бекеті ашылды. Нысан Қарағаш, Калиновка, Константиновка және Тапшыл ауылдарын қамтитын төрт елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қорғау аймағында 363 аула бар, онда 1 165 адам тұрады, деп хабарлайды No-comment.kz – Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ашылу салтанатына жергілікті атқарушы органдар мен Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қатысты.
Өрт сөндіру бекеті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің аумағында ұйымдастырылды. Құралымның иелігінде қажетті өрт-техникалық жарақ пен жабдықтармен қамтылған екі өрт сөндіру автоцистернасы бар. Жеті ерікті өрт сөндіруші арнайы даярлықтан өтті.
Өрт сөндіру бекеті ауыл тұрғындарының өрттен қорғалу деңгейін арттыруға, өрт шыққан жағдайда уақтылы әрекет етуге және кәсіби бөлімшелер келгенге дейін жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Құралымның ашылуы ауылдық елді мекендердегі өрт қауіпсіздігі жүйесін нығайтуға және тұрғындарды төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған маңызды қадам болмақ.


