Психологиялық кеңес беру мақсатында семинар-тренинг өткізді

Психологиялық кеңес беру мақсатында семинар-тренинг өткізді

Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы У.Махмұтова Мақтаарал ауданы бойынша Пробация бөлімінде есепте тұрған азаматтарға Психологиялық кеңес беру мақсатында семинар-тренинг өткізді.

Негізгі мақсаты: ауданында пробация қызметінің есебінде тұратын жастармен қоғамдық өмірге қатысу белсенділігі мен өзара қарым-қатынас мәдениетін арттыру, мінез-құлықтың әлеуметтік жағымды дағдыларын қалыптастыру.

Бұл тренингтің мақсаты – сот­тал­ғандарды жаңашылдыққа, инно­вациялық әдіс-тәсілдерді тәжі­рибе­леріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру, жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм сезімдерін дамыту, сондай-ақ сотталғандардың эмоциялық көңіл күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.

Шара барысында Пробация қызметінің есебінде тұрған әрбір жастың жеке басы жан- жақты зерделенді және тәрбиелік ықпал етуді жағымды қабылдауға және қоршаған ортаның жағымсыз ықпалын теріске шығаруға психологиялық дайындық дәрежесі анықталды. Мекеме психологтары сотталғандардың түзелуі мақсатында оның қоғамдық толық құқылы мүшесі әлеуметтік мәртебесі қалпына келуіне, тәртіптің жалпыға бірдей қабылданған нормалары мен құқық нормалары негізінде қоғамда өз бетінше өмір сүруіне оралуына көмектеседі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...