Елбасы Асқар Маминге әлеуметтік қамсыздандыру шараларын күшейтуді тапсырды

Елбасы Асқар Маминге әлеуметтік қамсыздандыру шараларын күшейтуді тапсырды

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-парақшасында партияның cаяси кеңесі бюросының 25 тамызға белгіленген отырысы 28 тамызға ауыстырылғанын хабарлады. Бұл туралы  Azattyq Rýhy сайты жазды.

Сондай-ақ, Бауыржан Байбек партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев сайлауалды бағдарламаны талқылау барысында бюро мүшесі, Премьер-министр Асқар Маминге әлеуметтік қамсыздандыру шараларын күшейтуді, денсаулық сақтау саласының сапасын арттыруды, жұмыс орындарын құрып, тұрғындар табысын ынталандыруды тапсырғанын хабарлады. Сонымен бірге өңірлердегі жастарға қолдау көрсетудің нақты тетіктері арнайы ұсынылуы тиіс.

Еске сала кетейік, әу баста партияның cаяси кеңесі бюросының отырысы 24 тамызда өтеді деп белгіленген. Одан кейін бюро отырысы 28 тамызға ауыстырылды. Ал, бүгін 28 тамызда өтетіні хабарланды.

Соңғы рет Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» партиясы саяси кеңесі бюросының мәжілісі 5 наурызда өтті. Партияның сол отырысында биыл еліміздің барлық өңірлерінде жаңа форматта ішкі партиялық іріктеу – праймериз өткізу жөнінде шешім қабылданды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...