Елордада Конституцияның 25 жылдығына орай қандай іс-шаралар өтеді?

Елордада Конституцияның 25 жылдығына орай қандай іс-шаралар өтеді?

Конституция күніне арналған іс-шаралар онлайн форматта ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Атап айтсақ, 10-29 тамызда «Конституция бостандықтың кепілі» ән челленджі басталады.

14 тамыз күні Әл-Фараби атындағы оқу-тәрбие орталығының ашылу салтанаты болады.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 15-31 тамыз аралығында иллюстрациялық кітап – онлайн-инсталляция ұсынады.
Ал, 25 тамызда «Мен өз құқығымды білемін» атты балалар сурет сайысы өтеді. 26 тамызда Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында «Ата заңым – ардағым» ақындар сайысы ұйымдастырылса,

Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік архиві 27 тамыз-4 қыркүйек аралығында Конституцияның 25 жылдығына арналған көрме өткізеді.
28 тамыз күні «Наз» мемлекеттік би театры «Ата заң - елдің айбыны, еркіндігі, байлығы» атты онлайн концерт қояды.

Сондай-ақ 28 тамызда «халық доп» бойынша «Елордалық балалар – спорттық ауысым» атты чемпионат оздырылады. 29-30 тамызда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арналған ЭМБ қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.

«Жастар театры» 30 тамыз күні әлеуметтік желілер арқылы «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң» атты онлайн-концерт тарту етеді. Дәл сол күні «Nomad» театры актерлері патриоттық әндермен онлайн құттықтау жолдайды.

30 тамызда елордалық филармония әртістері Астана концерт залында

Конституция күніне арналған концерт өткізеді.

Сондай-ақ, Конституцияның 25 жылдығына арналған дөңгелек үстел отырысын өткізу,«Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан халқының Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен қоғам белсенділерін марапаттау жоспарлануда.http://astana.gov.kz/kz/news/news/24231

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент өнеркәсіп саласындағы ықпалдастықты нығайтудың маңызына назар аударды. Бүгінде бұл бағытта жалпы құны 62 миллиард доллардан асатын 260...

Қазақстан Президентінің атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр. Өзбекстан...

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуге 815 млн теңге жұмсауға...