Елорда әкімі ЖЭО-2-ні газға көшіру жұмыстарымен танысты

Елорда әкімі ЖЭО-2-ні газға көшіру жұмыстарымен танысты

Биыл ЖЭО-1 және ЖЭО-2 газға көшіру жоспарланған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«2-ЖЭО-ны газға көшіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен таныстым. Газ құбыры салынды, желдету жабдықтарын, газ қорғау жүйелерін және қазандықтарға монтаждау жанарғыларын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл ЖЭО-1 және ЖЭО-2 газға көшіруді жоспарлап отырмыз.

Бұдан басқа, елді-мекендерде кварталішілік газбен жабдықтау желілерін салу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Мысалы, Железнодорожный елді-мекенінде газ тарату желілерінің 100%, Промышленный мен Көктал-2 95%, Көктал - 1 80% салынды. Бұл жұмыстар Агрогородок, Юго-Восток елді-мекендерінде де жүргізіліп жатыр. Бұл елді-мекендердегі үйлердің бір бөлігі биылғы жылыту маусымында газбен жылытылуы мүмкін. Қаланы газдандыру процесі үш кезеңнен тұрады.

Үйлерді газбен жабдықтау желілеріне қосу үшін техникалық шарттарды тегін беру үшін үш фронт-офис ашылды. Бұл Көктал-1, Железнодорожный, Промышленный тұрғындарына арналған. Жеке сектор тұрғындары үшін тегін есептегіштер қарастырылған.

Елорданы газдандыру-Елбасының тарихи жобасы. Газдандыру процесі Мемлекет басшысының бақылауында», – деп жазды Алтай Көлгінов.

http://astana.gov.kz/kz/news/news/24280

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрлігі Түркістан облысындағы Қызылқұм магистральдық каналын реконструкциялау жұмыстарын қайта бастады. Жобаны іске асыру...

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Еуропалық комиссия мен Молдова Республикасының Үкіметі бірлесіп...

Қарағанды облысының қалалары мен аудандары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындалуда. Дайындық аясында мерейтойға арналған...