МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссия шеңберінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесін сақтау және оның техникалық ахуалы жөнінде кеңес өткізді.
Жиын барысында Ерлан Қарин мемлекеттік органдар және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен бірге Кесененің бүгінгі жай-күйімен танысып шықты.
Түркістан облысы әкімдігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның өкілдері, археология және тарихи-мәдени мұраға жататын ескерткіштері сақтау бағытындағы мамандар қатысқан кеңесте Кесенені сақтау және дамыту бойынша кешенді жоспарының орындалуы, 2023 жылға жоспарланған жұмыстардың жобасы, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 45-сессиясына дайындық мәселелері қаралды.
Мемлекеттік кеңесші ескерткішті дұрыс сақтау басты міндет екенін атап өтті. Осыған орай, мемлекеттік органдарға сарапшылар қауымдастығымен тығыз әрекет ете отырып, Кесененің жағдайын үнемі бақылауда ұстау тапсырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...