САПАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАҒАН ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР…

САПАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАҒАН ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР…

“Түркістан облысына жасаған жұмыс сапарымда Ордабасы ауданындағы «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушы кооперативтердің өкілдерімен кездестім.
Республикада мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін 100 млрд теңге қарастырылған. Түркістан облысында 19,8 млрд теңгені игеру жоспарланып отыр. Өңірге 11 млрд теңге бөлінді.
Бадам және Шұбар ауылдық округтерінде «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға ауыл тұрғындарын біріктірген жеті кооператив жиналады. Олардың төртеуі (жалпы саны 165 қатысушы) – отбасылық сүт фермалары, бордақылау алаңы, құс фабрикасы және жылыжай шаруашылығы.
Облыс әкімдігі ӘКК-мен бірлесіп, «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауылдарға жеңілдікпен шағын несие беру жөнінде өтінімдер қабылдауды қысқа мерзімде бастауы және бұл туралы ақпаратты барлық ресурстарға орналастыруы қажет.
Екінші кездесу Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы Шарапхана ауылында орналасқан орта мектепте өтті. Тұрғындар тарапынан бірқатар ұсыныстар түсіп, сұрақтарын да қойды. Шешілуі тиіс көптеген мәселелер бар. Ауыл тұрғындарын да, қала тұрғындарын да медицина мен білім сапасы, жұмысқа орналасу, өз ісін ашу, әлеуметтік қамсыздандыру секілді мәселелер алаңдатады.
Қазіргі уақытта республикада азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға арналған мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып жатыр, мектептер, денсаулық сақтау объектілері салынуда. Мұның бәрі бірқатар қиындықты шешеді. Олардың қатарында мектеп, кадр тапшылығы, жұмыспен қамту секілді мәселелер бар.
Сондай-ақ, Сарыағаш қаласының аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерімен кездестім. Басқосуда дәрігерлердің ерекше статусы, денсаулық сақтау мекемелерін заманауи жабдықтармен жабдықтау, біліктілікті арттыру және мамандандыру секілді тақырыптар талқыланды”
Алтай Көлгінов,
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Батыс Қазақстан облысының өңірлік комиссиясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жағдайын жергілікті жерде бағалау үшін «Алтын...

Елордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсатына негізделген Халықаралық волонтерлер...