СОЗАҚ: ҚҰМКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

СОЗАҚ: ҚҰМКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Құмкент ауылдық округінде болып, белгілінген кестеге сай тұрғындармен кездесті. Онда ағымдағы жылы аудан көлемінде атқарылар жоспарларымен бөлісіп, ауылдық округте жасалатын жұмыстарды баяндады.
-Біз сіздермен тоқсан сайын кездесудеміз. Ондағы мақсатымыз өзекті мәселелерді талқылап, шешу жолдарын қарастыру. Бұған дейін айтылған ұсыныстарыңыз назарға алынып, орындау үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Ағымдағы жылы Қызылкөл елді мекеніндегі Л.Бөкенов, Қ.Төлеуұлы, Құмкен ауылындағы Амангелді және К.Берденұлы көшелерімен қоса демеушілер есебінен Абай және Ш.Уалиханов көшелеріне де жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек Құмкент ауылындағы орталық алаң күрделі жөндеуден өтеді. Біз мұнымен тоқтатпаймыз. Алдағы жылға да нақты жоспарларымыз бар. Қазіргі таңда жалпы ауданда жасалып жатқан жұмыстардың барлығы тек халқтың игілігі үшін,-деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.
Жиында тұрғындар тарапынан бірқатар ұсыныс-пікірлер жолданды. Аудан басшысы халықпен кездесудегі басты мақсатымыз алдағы жоспарларды ашық айтып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, соның төңірегінде жұмыс жасалатынын айтты. Көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Сапар барысында Жамбыл облысының шекарасынан-Құмкент-Шолаққорған бағытындағы облыстық маңызы бар жолдың жөндеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы...