ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ ӨТТІ

ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ ӨТТІ

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Машат-Арасан» демалыс аумағында 2 күн бойына Волонтерлік ұйымдардың көшбасшыларына арналған жазғы мектебі өтті.
Жастар арасында волонтерлік қозғалысқа деген қызығушылығын арттыру, волонтерлік ұйымдар арасындағы әріптестік байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылған лагерде, қаламызға белгілі тренерлердің қатысуымен “Soft skills” тұлғалық қабілетті дамыту, ”Еріктілердің қоғамдағы рөлі”, “Ораторлық дағдыны қалыптастыру” және ТЖД қызметкерлерінің қатысуымен қауіпсіздік ережелері бойынша семинар-тренингтер ұйымдастырылды.
–Мемлекет басшысы "Волонтерлік нақты істермен көрінетін патриотизмнің жоғары деңгейін білдіреді. Отанға деген махаббат үлкен ұрандар мен бос декларациялар емес, бұл – күнделікті еңбек, соның ішінде халықтың игілігі үшін шынайы атқарылатын қайырымды істер" деп атап өтті. Қазіргі таңда ерікті жастардың атқарып жүрген игілікті істері өте көп. Кез келген жұмысын алып қарасақ, мемлекеттік қызметті атқарғанмен пара-пар. Сіздердің ел дамуы жолында атқарған қызметтеріңізге алғыс білдіремін, – деді Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы.
2 күнге жалғасқан жазғы мектептің кешкі уақытында еріктілер түрлі ойындар ойнап, өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ барша қатысушы жастарға сертификаттар беріліп, белсенділік танытқандарға статуэткалар табысталды.
Айта кетейік, бүгінде қаламызда 15 мыңға жуық волонтерлер мен 12 волонтерлік және қайырымдылық ұйымдары жұмыс жасайды. Олардың ішінде басымдық танытып отырғандар оқу орының жастары болып табылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы...