ТӨЛЕБИ: ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ТӨЛЕБИ: ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев бүгінгі жұмыс күнін тұрғындарды жеке мәселесімен қабылдаудан бастаған болатын. Қабылдау барысында келушілер негізінен ауыз су мәселесін көтеруіне байланысты, түс мезгілінде құрылысы жүріп жатқан бірнеше нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.
Аққұм ауылдық округіндегі 5 көшеге ауыз су жеткізу үшін Нысанбек елді мекеніндегі ескі су жүйесін пайдалануды мақсат етіп, бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні тау баурайында орналасқан Нысанбек ауылын жаңа су жүйесіне қосу мақсатында 22 шақырымды құрайтын су құбыры тартылып, 300 куб метрді құрайтын резервуар орнатылған Бұған қоса, жобаға ілінбей қалған 10 үйге ауызсу құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны аяқтау бойынша мердігер мекемемен келіссөз жүргізіліп, шілде айында 170 абонент таза сумен қамтылады деп көзделіп отыр. Нысанбек елдімекенінде ауызсу құрылысы аяқталуға жақын. Аудан басшысы құрылыс нысанының басында мердігер мекеме басшысымен кездесіп, ауыз су жеткізу ісін бекітілген кестеге аяқтауды, оның сапасына көңіл бөлуді тапсырды.
Кейіннен Керегетас елді мекеніне арнайы ат басын бұрып, су жинақтауға арналған қондырғы, қойма орналасқан аумақтың жай-күйімен танысты. Қазіргі кезде Керегетас елдімекеніне 27 шақырым су құбыры жүргізіліп, сыйымдылығы 300 куб метрді құрайтын су қоймасы орнатылған. Су қоймасының маңайын абаттандыру ісі аяқталғаннан кейін 158 абонент ауызсуға қосылады деп жоспарлануда.
Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы резевуар орналасқан аумақты абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын дер кезінде аяқтауды, абоненттерге су жеткізуді дұрыс ұйымдастыруды тапсырып, құрылыс жұмыстарының сапасын өз бақылауында ұстайтынын айтты.
Қасқасу ауылдық округіне газ құбырын жүргізіп отырған мердігер мекеме "Azia RS"ЖШС өкілдеріне жолығып, құрылыс жұмыстарының барысына көңіл бөліп, тұрғындарға табиғи газ кестеге сай берілуі қажеттігін тапсырды, деп хабарлайды Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы...