Элиманов жаңа агенттіктің төрағасы болып тағайындалды

Элиманов жаңа агенттіктің төрағасы болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қазақстанда көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды.

Жаңа агенттікке Қаржы министрлігінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы, сондай-ақ экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша функциялары мен өкілеттіктері беріледі.

Жаңа агенттік берілетін функциялар мен өкілеттіктер шеңберінде Қаржы министрлігінің құқықтары мен өкілеттіктерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалды.

Мемлекет басшысы ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органның құрамы мен ережесін бекітуді тапсырды.

Сондай-ақ, Президент жарлығымен Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып Жанат Қалдыбекұлы Элиманов тағайынды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 26 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында қысқа мерзімде Президент жанындағы Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігін құруды тапсырды

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Цель акции – повышение правовой грамотности населения и оказание бесплатной юридической помощи. Любой гражданин может прийти и получить необходимую...

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында «Тама-Тастанбек» топтық су құбырын пайдалануға беру...

Қырғызстан, Шолпан-Ата қаласы Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде дәстүрге сай айрықша ықыласпен қарсы алғаны және бейресми кездесуді өткізу туралы бастама...

Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды, деп...