Илон Маск маймылдың миына чип орнатты

Илон Маск маймылдың миына чип орнатты

Tesla мен SpaceX негізін қалаушы Илон Маск стартапы Neuralink маймылдың миына «ой күшімен» бейнеойындар ойнауға мүмкіндік беретін чипті сәтті орнатқанын деп мәлімдеді» деп жазды Tengrinews Daily Mail-ға сілтеме жасап.

Миллиардер чипті миға орнатудың мақсаты ми мен жұлын жарақаттарының салдарын жою және оның көмегімен жоғалған қабілеттерді толықтыру екенін атап өтті. Оның айтуынша, чип «бас сүйегінде миға қосылған кішкентай сымдары бар фитнес білезік тәрізді».

«Бізде бас сүйегінде кішкентай сымдармен имплант орнатылған маймыл бар. Ол санасы арқылы бейнеойын ойнай алады. Импланттың қай жерде екені көрінбейді, ол бақытты маймыл. Бізде маймылдарға өте жақсы жағдай жасалған. Олар бір-бірімен интеллектуал пинг-понг ойнағанын қалаймыз» деді Маск.

Миллиардер чип орнатылған маймылдардың видеосы жақын арада шығады деп уәде берді.

Neuralink стартапы 2017 жылы Маск ашқан, ол ми чиптерін әзірлейді. 2019 жылдың шілдесінде компания презентация өткізіп, онда ми мен компьютер арасындағы байланыс үшін чип жасаудың алғашқы қадамдары туралы айтылған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Минск қаласында (Беларусь Республикасы) ТМД Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңесінің XXIX сессиясында Қазақстан...

Нью-Йорк, 2026 жылғы 25 қыркүйек – Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар...

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...