Экология министрі ауаны тазартуға уәде берді

Экология министрі ауаны тазартуға уәде берді

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы ауаның жоғары ластануы бар 10 қаладағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бүгінгі өткен Үкімет отырысында.

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы 7 негізгі бөлімнен тұрады: су нысандарын сауықтыру, ауаның ластану деңгейін төмендету, қалдықтарды басқару, биоалуантүрлілікті сақтау, елді көгалдандыру, энергия тиімділігі, экоқұрылым және экологиялық мәдениетті арттыру. Бұл - ауаның ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған және Шымкент қалалары» деді М. Мырзағалиев.

Сондай-ақ, министр 2025 жылға қарай сарқынды суларды ағызу көлемін азайтуға, қалдықтарды өңдеу үлесін ағымдағы 18-ден 35%-ға дейін арттыруға, елдің ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын төмендетуге қол жеткізу жоспарланып отырғанын айтты.

Екі ұлттық жобаны әзірлеу және бекіту жұмыстары осы жылдың 1 шілдесіне қарай аяқталады.

«Орман қорында 2 млрд ағаш отырғызу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігіне қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында Экология министрлігінің қолданыстағы геопорталының негізінде интерактивті карта жасау ұсынылады» деді министр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Минск қаласында (Беларусь Республикасы) ТМД Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңесінің XXIX сессиясында Қазақстан...

Нью-Йорк, 2026 жылғы 25 қыркүйек – Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар...

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...