Үш жаңа ЖЭО салуға БЖЗҚ қаражаты жұмсалмайды — Р. Скляр

Үш жаңа ЖЭО салуға БЖЗҚ қаражаты жұмсалмайды — Р. Скляр

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында депутаттардың сұрақтарына жауап бере отырып, жаңа ЖЭО құрылысы туралы айтып берді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда еліміздің барлық энергия көздерінің белгіленген қуаты 21 мың МВт құрайды, алайда қолда бар қуаты — 16 мыңға жуық.

«Қуат көзіне қажеттілік шамадан тыс артатын уақытта біз сырттан 2 мың МВт жуық электр энергиясын сатып аламыз. Бұл, әрине, өте көп. Осыған байланысты жаңа энергия көздерін тезірек салу қажеттілігі туындайды. Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында үш ЖЭО салу және ГРЭС-2 үшінші энергия блогын салу туралы келісімге қол қойылды», — деді бірінші вице-премьер.

Бұл жобалар осы энергетикалық жабдықты өндіруші елдің жеңілдетілген экспорттық қаржыландыру қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін болады.

«БЖЗҚ қаржысы қарастырылмаған және қарастырылмайды да», — деп түйіндеді Роман Скляр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

  25 сентября, в рамках Казахстанско-Китайского инвестиционного форума с участием Главы государства Касым-Жомарта Токаева, было подписано соглашение о реализации новых...

Покупка атомной станции — это не поход в автосалон и даже не закупка железнодорожных составов. Нельзя просто заплатить миллиарды, получить ключи и...